Ынтымақтастыққа шақырамыз
Ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттары әр серіктес үшін жеке таңдалады және олардың қажеттіліктері мен тілектерін ескереді.
Бірлескен жұмыс принциптерін үздіксіз жетілдіру және дилерлік желіні дамыту бізге табысқа жетуге және нарықта жетекші орынға ие болуға көмектесті. Дилерлік бөлімнің көп жылдық тәжірибесі стандартты емес мәселелерді тез шешуге көмектеседі және барлық технологиялық және экономикалық қыр-сырын жақсы білуді қамтамасыз етеді.
«Сауда дизайны» ЖШС-мен жұмыс жасай отырып, Сіз дұрыс таңдау жасайсыз. Біздің компанияның кең мүмкіндіктері мен тамаша беделі сіздің бизнесіңізді кеңейтуге және оны келесі деңгейге көтеруге көмектеседі.
Біз жаңа дилерлерге мыналарды ұсынамыз:
- жабдықтың кең ассортиментін;
- икемді баға саясатын;
- эксклюзивті брендтерді;
- жолға қойлған жеткізілім логистикасын;
- дербес менеджерді;
- технологиялық жоба әзірлеуді;
- технологтар мен бас аспаздардың консультациясын;
- компанияның прайс-парақтары мен арнайы ұсыныстарына жедел қол жеткізуді;
- дайын бизнес-шешімдерді;
- техникалық құжаттамамен жұмыс істеу кезінде қолдау көрсетуді.
Тұрақты серіктестер үшін қосымша артықшылықтар:
- төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі;
- тауарды төлемсіз резервтеу;
- коммерциялық ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу.
Егер сіз өз қалаңыздағы біздің өкіліміз болғыңыз келсе, бізге dealer@t-d.kz электрондық поштасы арқылы жіберіңіз немесе чатқа өтініш қалдырыңыз, біз сізге міндетті түрде хабарласамыз.
Дилерлік саясат
| Санат | Айына ең төменгі сатып алу сомасы | Барлық ассортиментке жеңілдік | UNOX |
| АА | 5 млн теңгеден астам | 12% | 14% |
| A | 3 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін | 10% | 12% |
| B | 2-ден 3 млн. теңгеге дейін | 7% | 10% |
| C | 1-ден 2 млн. теңгеге дейін | 5% | 7% |
| D | 1 млн. теңгеге дейін | 3% | 5% |
- Санат тоқсандағы сату нәтижелері бойынша расталады. (Мысалы, А санатын растау үшін тоқсандағы сатып алу сомасы ай бойынша кез келген бөлімде кемінде 9 млн. теңге болуға тиіс)
- Қол қойылған шарттың болуы міндетті
- СҮ экслюзивті брендтеріне (UNOX, GGF, Brema, Rancilio) НББ міндетті сақталуы
- АА, А, В, С санаттары үшін компания несие желілері мен көрме үлгілерін ұсынуды қарастыруға дайын
- АА, А, В, С санаттары үшін компания біздің мамандармен бірге сервистік мамандарды оқытуды қарастыруға дайын